Ұлт құндылығынұрпаққа жеткіземіз

«ALQA Astana» Қоғамдық Қоры — ұлттық мұраны ұлықтап, мәдениет пен білімді дамытуға арналған қоғамдық бастамалар алаңы. Қор қазақ халқының әдебиеті, тарихы мен дәстүрін бүгінгі қоғамның рухани тірегі ретінде танытып, оларды заманауи ағартушылық жобалар арқылы кеңінен насихаттайды.

  1. Оқырман клубы«АЛҚА» әдеби-мәдени клубыМағжан Жұмабаев 1924 жылы құрған «АЛҚА» клубының жаңғырған жалғасы. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы аясында апта сайын кітап талқы, кино талдау және сөзталқы кездесулері өтеді.Жобаға өту
  2. Мемлекеттік тілді дамыту«Ойқұмар»Мектепалды даярлық тобы мен бастауыш сынып оқушыларына арналған онлайн байқаулар. Балалардың қазақ тілінде дұрыс, анық және мәнерлі сөйлеу дағдысын дамытуға бағытталған.Жобаға өту
  3. Дәстүрлі өнер«Мәңгілік сарын»Ұлттың үнін ұрпаққа жеткізетін рухани көпір. Дәстүрлі ән, жыр мен күйдің тарихын, мәні мен ұлт өміріндегі орнын ашатын кештер. Екі кеш өтті: жыршы Марат Сүгірбай мен әнші Ерлан Рысқали.Жобаға өту
  4. Музыкалық жобаALQA SAZҚазақ әндерін жанды дауыста, акустикалық аранжировкада орындайтын музыкалық жоба. 2025 жылдан бері төрт кеш өтті, билет осы сайтта брондалады.Жобаға өту
  5. Балалар әдебиеті«Әлпешім» әліппесіМектепалды даярлыққа арналған әліппе және көркем жазу дәптері. Ахмет Байтұрсынұлының ізімен жазылған кітап баланы әріппен мейірім мен ұлттық құндылық арқылы таныстырады.Жобаға өту
  6. Балалардың оқу мәдениетіALQA SchoolКітап оқитын ғана емес, ойланатын, ізденетін орта. Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап талқы, спич пен сұхбат — апта сайын Астананың жаңа мектебінде.Жобаға өту
«АЛҚА» әдеби-мәдени оқырман клубы

Ашық дәріс

ALQA TALKS · Модератор: Нұрболат Кәрібай

Келесі кездесу
14 қараша
Астана, Достық көшесі, 11